Әлемде | В мире

Ер адам бір-ақ рет кездескен қыздың ракпен ауыратынын білген соң оның жанына көшіп келді

Канадалық ер адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан сүйіктісімен бірге өмір сүру үшін Ұлыбританиядағы көшіп келді.

31 жастағы Эмили Гослинг және оның құрдасы Дэйв Балтерс ұзақ уақыт қашықтықта қарым-қатынаста болған. Дэйв өзінің сүйіктісінің диагнозы туралы білгенде,  оны қолдау үшін алты мың шақырымнан астам жолды жүріп өтті.

Эмили Гослинг Канададағы отбасылық кәсіпорнында жұмыс істеді, бес жылдан кейін Лондонға көшуді жөн депшешті. Көшуден сәл бұрын ол Дэйв Балтерспен Ванкувердегі іскерлік кездесуде танысты.

Гослинг Лондонға көшкеннен кейін, олар қарым-қатынасты тоқтатқан жоқ. Эмилидің Канадаға іссапарларының бірінде Балтерс оны бірінші күні кездесуге шақырды. Содан кейін олар ұзақ уақыт бойы бір-бірін көре алмады. Жас жұбайлар бірге тұруды армандады, ортақ үйінің қандай болатынын елестетіп, болашаққа жоспар құрды.

Комментарий