Аймақ | РегионҚоғам | Общество

Басы жұлынып кеткен: Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Нұр-Сұлтан қаласында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Желіде таралған суретте ер адамның бассыз жатқан денесін көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты Нұр-сұлтан қаласының маңында орын алған. Дәлірек айтсақ, Қарағанды тас жолында әуежайының жақын жерде болған.

Жол – көлік оқиғасының салдарынан “Toyota” маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орынында тілтартпай кеткен. Ауыр апаттан ер адамның басын жұлып кеткен.

авария

Өз кезегінде, Нұр-сұлтан қаласының жол полициясының баспасөз қызметі оқиға 3 қазан күні сағат 6: 33-те әуежай (Қарағанды-Нұр-сұлтан) мағында айналма жол бойындағы көпірде “Toyota Camry” автокөлігі мен “Shansi Man” жүк акөлігінің соқтығысуынан орын алғанын хабарлады.

авария

“Анықталғандай, жеңіл автокөлік қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жүк автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында “Toyota Camry ” автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Қайғылы оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тез таралып кеткен. Суретте қайтыс болған ер адамның бейнесі бар. Сондай-ақ, жүк көлігінің суреті де таралды.

Комментарий