Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

Белгілі заңгер тыр жалаңаш ұлттық киім киген жігітті жазалауды сұрады

Белгілі заңгер Камиша Есмұхамембетқызы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына үндеу жасады. Ол тыр жалаңаш шапан киіп, желіге суретін жүктеген белгісіз ер азаматтың жазалануын сұрап отыр. 

«Арсыз, намысы жоқтарды қашан бұзақылық бабы бойынша жауапкершілікке тартамыз? Арыстанбек Мұхамедиұлы, жаныңыз неге ұлттық киімдерге ашымайды? Шет елден келген меймандарға дереу шапан жауып жүруші едіңіз. Енді шапан жалаңаштардың кәдесіне жарап қалыпты», –  деп жазды Есмұхамбетқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Шырын Нарчаева есімді желі қолданушысы кеудесін қолымен көлегейлеп, жартылай жалаңаш сәукелемен видеоға түсіп, жұрттың ашуына тиген еді.

sn.kz

Комментарий

Бөлісу | Поделится