Аймақ | Регион

Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

5 қазан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 5 қазанда еліміздің Өскемен, Қарағанды, Теміртау қалаларында және ел астанасы – Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа шаһарларында метеожағдай ойдағыдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Комментарий