Қоғам | Общество

Instagram-ның өз мессенджері пайда болды

Facebook компаниясы Instagram қолданушылары үшін Threads аталатын жаңа мессенджерді ұсынды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Threads – құпиялылық, жылдамдық және жақын байланыс ескеріле отырып әзірленген жеке қосымша. Сіз Instagram-дағы достарыңызбен фотосуреттер, видео, хабарламалар және оқиғаларыңызды бөлісе аласыз», – делінеді хабарламада.

Мессенджер Instagram желісіндегі ең жақын достармен араласуға арналған. Онда қолданушының тұрған орнын, өзін қалай сезінетінін және немен айналысып жатқанын белгілеу мүмкіндігі бар. Жекелей алғанда, мессенджер баптаулары қолданушының тұрған орнын автоматты түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Facebook компаниясындағылардың мәлімдеуінше, қосымша Android және iOS платформаларында бүкіл әлем бойынша қолжетімді болады. Кей қолданушылар бір тәуліктің ішінде Threads мессенджерін пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады.

Комментарий