Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Тоңазытқышқа салып қойған: Вице-министр жаңа туған нәрестенің өлімі үшін кешірім сұрады

Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің орынбсары Ләззат Ақтаева Атырау облысындағы перзентанадағы жаңа туған нәрестенің өлімі үшін отбасыдан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Еске сала кетсек, Атырау облысында перзентхана басшысы мен акушер-гинекологы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдіктеліп отыр. Олар нәрестені тоңазытқышқа салып қойып, өлтірген деп айыпталуда.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қара жамылған отбасыдан кешірім сұрады.

«Әрине, әр пациенттің, нәрестенің өлімі – жақын туыстары үшін ғана емес, медицина қызметкерлері үшін де қайғылы жағдай. Сондықтан медицина қызметкерлері мұндай жағдай орын алғанда туыстарына барынша қолдау білдіріп, қайғыға байланысты психологиялық кеңес беруді жүзеге асыру асыру керек», – дейді вице-министр.

Өз сөзінде ол нәрестенің өлімі қасақана болды ма, жоқ па, оны тергеу аяқталғанда анықтау мүмкін болатынын айтты.

«Бұл, жетекшілік ететін вице-министр ретінде, мен үшін қайғылы жағдай. Ол отбасыдан кешірім сұраймын. Алайда нәрестенің өлімі қасақана болды ма, ол жағы тергеу нәтижесінде хабарланады», – дейді Ақтаева.

Комментарий