Қоғам | Общество

«ЕРЕКШЕ» БАЛАЛАР ДА ҚАТАРЫНАН ҚАЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ

  Ерекше балаларды емдеу, оларға арнайы білім беруге бағытталған дефектология ісі жіті көңіл аударуды қажет етеді. Себебі жыл сайын аталмыш сала аясында тіл кемістігі бар балалармен жұмыс істейтін логопед маманы, қолмен сөйлеу арқылы мылқаулармен жұмыс істейтін сурдолог, көзі көрмейтіндермен жұмыс жүргізетін типлопод, ақыл-есі кем балаларға қамқорлық танытатын олигропед мамандарының тапшылығы байқалуда. Елімізде аутист балаларды оңалтумен айналысатын жеке ұйымдар мен қоғамдық қорлар бар. Бір таңқаларлығы, сондай орталық ашқан адамдардың көпшілігінің балалары кемтар. Аутист балалардың аналары бірігіп, қауымдастық құрды дегенді де жиі естиміз. Ерекше күтімді қажет ететін баланың жағдайын, әрине, бірінші кезекте оның ата-анасының жақсы түсінетіні белгілі.

2011 жылы дүниеге келген Сағыныштың уақытында тілі шығып, мезетімен жетіліп өспейтінін естігенде денеңіздің түршікпеуі мүмкін емес, – деген анасы Арайлым перзентін емдету, оңалту үшін Атырауда ерекше балаларға арнап бірлестік құрған. Соның аясында түрлі бастамаларды қолға алып, өңірде талай жұмысты атқарып келеді. Атырауда екі мектепке инклюзия сыныбын ашуға септігін тигізген ол, үнемі ізденісте жүретінін айтады.

Ерекше балаларды оқытуда жаңа әдістерді мезетінде үйрену өте маңызды. Себебі, тьюторға қойылатын жауапкершілік жоғары. Міне сондықтан, біз интернеттен шетелдік мамандардың онлайн дәрісіне қатысамыз. Бұған мамандармен қоса ата-аналарды да жұмылдырамыз. Біздің елімізде мамандардың аз және тәжірибесінің төмендігі осыған себеп. Еліміздегі барлық мектептерде инклюзия бөлмесі болса дейміз. Ол тіпті қалыпты балаларға өз мүмкіндіктерін толық пайдалану керегін еске салады. Олай дейтінім, он екі мүшесі сау, толық жетілген баланың бойын жалқаулық жайлап, пайдасыз әрекеттерге бой алдыратыны жасырын емес. Осындайда, қатарындағы кемтар баланың талпынысы, алға ұмтылған «ерекше» балалардың белсенділігі олардың өзгеруіне түрткі болуы мүмкін. Кейбір ата-аналардың шошына қарауы баламыздың білім алуына кері ықпалын тигізеді деген пікір негізсіз, – дейді «Инклюзия Болашақ Атырау» ҚБ төрайымы Арайлым Бақытжанқызы.

Психикалық сөйлеу қабілеті тежелген балаларды орта мектептерде оқыту қаншалықты тиімді деген сұрақ кім-кімді де мазалары анық. Бұған дефектолог маман былай дейді: Балаларға инклюзивті білім беру ортасы өте жағымды әсер етеді. Өйткені аутист балалардың эмоционалды ерік сферасы бұзылғанмен, организм орын толтырушылық, яғни, компенсаторлық механизмін іске қосады. Сол компенсаторлық мүмкіндіктер аутист балаларда өте жоғары, олар көру, есту арқылы есте жақсы сақтап қалады. Әсіресе, еліктеу қабілеттері жоғары. Аутист балалармен коррекциялық жұмыс жүргізу үшін көптеген құралдар қажет. Есту, иіс сезу, көру анализаторларын іске қосу арқылы үйрету кең қолданылады. Ең бастысы, олардың сезімталдығын дамыту, – дейді логопед Әлия Ермағанбет.

Иә, әр баланың эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әрқалай келетіні рас. Алайда, барлық балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие мен

сапалы білім беру өмір талабы болып отыр. Міне, осы ретте әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігін ескере отырып қа лыпт ы мектептерде білім беру ісі жолға қойылуда.

«Мінез-құлық тренингі, жалпы негізгі дағ дыларды үйрететін «ABA» терапиясын ерекш е атап айтуыма болады. Бұл термин осы түйткілмен күресіп жүрген жандарға жақсы таныс. Мұнда, қиындық тудыратын мінезқұлықты алмастыратын дағдылар үйретіледі», – дейді аутист балаларға арналған орталық кураторы Жанна  Қалиева.

Иә, әлеуметтік дағдыларды жақсарту үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы осы «ABA» әдісінде топтастырылған. Жалпы, аталмыш әдісті алғашқы рет АҚШ-та 1963 жылы дәрігер Ивар Ловас қолданған екен. Аутизм синдромы бар балаларға арналған жұмыс кезінде олардың әрекеттері көтермелеу яғни марапаттау арқылы жүзеге  асады деген сөз.

Жалпы байқап қарасақ, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Ал бұл өз кезегінде қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды дегенді ұқтырады. Сондықтан, инклюзивті білім беру мұндай балаларды оқытуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту-барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушылардың тең құқығын анықтап, ұжым іс-әрекетіне қатысуға жол ашады. Қоршаған ортамен қарым-қатынасына қажетті қабілетті дамытуға әсерін тигізеді.

Инклюзивті оқыту – ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Ал, енді бұл ретте осы білім беру жүйесінің маңызын айшықтай түсетін негізгі қатысушы тьюторлар екенін айтпай кетуге әсте болмайды. Инклюзивті мектеп жағдайында балаға бағытталған тиімді, икемді сүйемелдеу жүйесін құру үшін тап осы тьюторлық ісі маңызды ресурс. Тьютор дегеніміз  ол көмекші-сүйемелдеуші. Нақтырақ, физикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын педагог, қосымша сабақтар өткізетін маман. Оның басты міндеті – балаға болашақта әлеуметтенуі және құрдастарымен бірге қалыпты өмір сүруі үшін кез келген ісіне қолдау көрсету. Инклюзивті білім беруді практикада іске асыратын басшылар, педагогтар мен мамандарды дайындау ісі жиі айтылады. Себебі, бұл салаға келетіндердің қарасы аз.

Алматы қаласындағы педагогикалық білім беру орындарында дефектология мамандығына түсушілер туралы сұрастырып көрдік. «Мүмкіндігі шектеулі балалардың өз құрдастарына әлеуметтік тартымдылығы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған Лаура Асқарқызы арнайы білім беру кафедрасында 15 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді. «Жалпы, жыл сайын студенттер осы мамандық бойынша диплом алып, жұмысқа орналасып нанын тауып жүр. Бастапқыда бұл салаға келушілер тым аз болды. Арыға бармай-ақ осыдан 5 жылдай бұрынғы уақытты есіме түсірсем, ол кезде бар-жоғы бір ғана топ болса, биыл кафедрада дефектолог мамандарды дайындайтын топтардың саны жетіге дейін жетіп отыр. Бұған мамандықтың қоғамда кеңінен танылуы себеп. Оған қоса, мемлекеттік грант санының артқаны да өз ықпалын тигізуде. Ал, олардың арасында логопедияны таңдайтындар көп. Игеріп кету жеңілірек дегенді алға тартады. Сурдопедагогика саласына келуге қорқатындары бар. Олигофренопедагогика мен тифлопедагогикаға түсушілердің қарасы ең төмен деуге болады Себебі, көру кемістігі бар балалармен, ақыл кемістігі бар балаларды оқыту күрделірек. Сондықтан, осыны ескеру қажет», – деп түсіндірді. Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек деген екен неміс педагогдефектологі П.Шуман. Осыдан-ақ аутист балаларға тәлім беретін маманға артылар жа уапкершіліктің жоғары екендігі түсінікті.

Компьютерлік технологияның арқасында да көптеген мүмкіндіктер пайда болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында оның ықпалы орасан. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру инновациялық әдістермен, оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологияларымен қамтамасыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесіндегі кедергілер азаяды деген сөз. Кемтар балалардың ата-аналары көмекшіге немесе арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе, инклюзивті білім беретін мектептерге апаруға бүгінде толық құқылы. Бірақ, өңір-өңірлерде инклюзия сыныптарының жоқтығы аздап қиындық тудырып отыр. Жалпы, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қа лыптастырудың идеологиясы жатыр. Міне, сондықтан еліміздің барлық аумақтарында осы жөнінде таныстыру, насихаттау жұмыстарының көптеп жүргізілгені маңызды. Жалпы, шалғай жатқан мекендердің бұл туралы қарасы ең төмен деуге болады Себебі, көру кемістігі бар балалармен, ақыл кемістігі бар балаларды оқыту күрделірек. Сондықтан, осыны ескеру қажет», – деп түсіндірді. Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек деген екен неміс педагогдефектологі П.Шуман. Осыдан-ақ аутист балаларға тәлім беретін маманға артылар жа уапкершіліктің жоғары екендігі түсінікті.

Компьютерлік технологияның арқасында да көптеген мүмкіндіктер пайда болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында оның ықпалы орасан. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру инновациялық әдістермен, оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологияларымен қамтамасыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесіндегі кедергілер азаяды деген сөз. Кемтар балалардың ата-аналары көмекшіге немесе арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе, инклюзивті білім беретін мектептерге апаруға бүгінде толық құқылы. Бірақ, өңір-өңірлерде инклюзия сыныптарының жоқтығы аздап қиындық тудырып отыр. Жалпы, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қа лыптастырудың идеологиясы жатыр. Міне, сондықтан еліміздің барлық аумақтарында осы жөнінде таныстыру, насихаттау жұмыстарының көптеп жүргізілгені маңызды. Жалпы, шалғай жатқан мекендердің бұл туралы пікірі қандай дегенді білмекке бірнеше мектепке хабарлас тық. Мұғалімдер мен мектеп ұжымы бұл мәселеден хабардар. Ал, таныстарым арқылы ата-аналардың желідегі топтарына жазғанымда, кейбірі тіпті бұл тіркесті өмірінде естімегенін айтып таң қалдырды. Мәселен, бір топтағы ата-аналар «инклюзивті сыныптардың мектептеріңізде ашылғанына көзқарасыңыз қандай» дегенде, «Ол не? Ол қандай сынып?» деген сауалдарын жаудырды. Не екенін түсінгеннен кейінгі олардың пікірі де әртүрлі. Арасында қарсы болғандар да, қолдаушылар да табылды. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен немесе арнайы жиындар арқылы бұл мәселе барлық халықтың құлағына жетпейді деген сөз. Мек тептерде ата-аналардың қатысуымен осы та қырыпты кеңінен насихаттау маңызды. Өйт кені, мүмкіндігі шектеулі балалар да оқуды армандайды. Олардың ата-анасы баласының қатарынан қалмағанын қалайды. Тек соған қоғам болып түсіністік таныта алсақ болғаны.

Мөлдір БЕГІМБЕТ, «Заң газеті»

Комментарий