Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Шамалған стансасындағы көпірден ұшып кеткен көліктің ВИДЕОсы пайда болды

Жол апаты салдарынан 1982 және 1988 жылғы екі азамат қаза тапты.

Алматы облысы Шамалған стансасы маңындағы көпірден көлік ұшып кетті, адам шығыны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғасы таңертең 9:30 -да Қарасай ауданында тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол апаты салдарынан 1982 және 1988 жылғы екі азамат қаза тапты. Бұл оқиғаға қатысты іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қажетті сараптамаларды тағайындау арқылы сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмдағы kris_p_kz парақшасында жарияланған.

Комментарий