Жаңалықтар | НовостиҚоғам | Общество

Мұхамеджан Тазабек 18 жастағы қызын ұзатты (фото)

Айтыскер ақын бұл қуанышымен өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында бөлісті.

“Өзім де жұбайыма 18 жасында үйленген едім, Алла қаласа, тұңғыш қызым да 18 жасында тұрмысқа шығып бара жатыр…
Алланың қалауы ғой!
Қимағанмен қиюы келіп тұрса, толқығанмен тәуекел жеңіп тұрса, қыздың жолын ашып, талабын қайтармаған дұрыс деп ойлаймын…
“Бидайдың бар жері диірмен…”
Алдын келіп, құдалар сырға салып, жолын жасап кеткен еді…
Бүгін кәделі жолымен келген күйеуді қарсы алып, қызымызбен некесін қиып, ақ батасын бердік…
Ин ша Аллаһ, ертең ұзату…🕊

Алла Тағала әрбір күйеуді пайғамбар Мұxаммед(с.ғ.с) секілді аманатшыл, мейірімді, көркем мінезбен көмкерілген шуақты тұлғаға айналдырғай!
Алла Тағала әрбір қалыңдықты xазіреті Хадиша анамыздай дана, жомарт, жарының дүние-ақыреті үшін қам жеген қастерлі, алтын құрсақ анаға айналдырғай!


Отау үйлерін тақуалық пен ізгіліктің, бала-шаға мен берекенің ошағына айналдырғай!
Алла тағала құдаларды құрметпен қауыштырып, араларын сыйластық пен түсіністік арқылы қуаныштарын 1000 жылдыққа ұластырғай!
Алла ұлық!” дейді Мұхамеджан ағамыз. Тойға жиналған қауымға тойбастар ретінде зәмзәм суын ұсынып, “екі жасқа бақыт тілеп, дұға қылыңыз” деп жазып қойған той иелерінің тапқырлығына тойға жиналғандар өз ризашылықтарын білдіруде.

Комментарий