Талқыдағы тақырып

Үйде күшті телевизоры болса да ол ақшаны бермей қояды деп естіп алыпты

Кешке қарай мамаммен сөйлескем, далада жүр екен.
-Әлгі қоңыр сиырдың бұзауы шала туып, өліп қалған, содан бері ол “қарасан” үйге уақытында келмейді, дейді
-Үйбай, ол байқұста депрессия шығар, дедім сиырға жаным ашып.
-Ерікпеші, сиырда қайдағы депрессия!!!
Мамамның айтуынша, 21 мың теңгені естіп алған ауылдағылар сиыр түгіл бас қайғы боп жатыр екен. Үйде күшті телевизоры болса да ол ақшаны бермей қояды деп естіп алыпты. Ол ол ма, қолдарында пенсионер кемпір-шал болса да, табыстан қағылады-мыс… Мемлекет ауыл xалқына түсінікті тілмен жәрдемақыны алатын адамдар туралы жазып, оны ресми ақпарат құралы емес, “Туыстар”, “Кластастар”, “Көршілер” деген уацапп-чаттарға таратпаса іс насырға шапқалы тұр. Дүрліккен жұрт қолдағы кемпір-шалды қайда жіберетінін білмей дал боп жатқан көрінеді. 

Айнұр Омар

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий