Талқыдағы тақырып

Ол 30 елдің қатарына кіру үшін әуелі туалеттерімізді жөндеп алайықшы

Елге (ауылға) тұңғыш ұлымды өзіммен бірге ала бардым. Үйде отыр едім даладан “папа, папа” деген баламның даусы шықты, далаға жан ұшыра атып шығып “не болды?” десем “папа туалет қайда?” демесі бар ма, барып көрсетіп “осы жерде” десем, “қалай отырамын” дейді, күліп жібердім, міне былай отырасың сонда ана жаққа “фук” етіп түседі дедім да, ал жатта кеп күл. Бала кезім есіме түсті. Бала кезім ауылдан қалаға бардым, аға-жеңгем көп қабатты үйде тұрады, үйде туалетке отыру деген нағыз қияметтің қияметі, суын қалай ағызуында білмейсің, ішін қағазбен толтырып қоясың, олардың бәрін көрсетіп үйреткенмен бәрібір отыра алмайсың, иіс деген “бұрқ” ете қалады, содан қайтесің енді өлемізбе, бір күні үйден бір 2-3 км жерден далада туалет көрдім, әй құдайдың рақаты-ай, жанағы туалетке жаяу барып шаруаңды тындырып үйде түк болмағандай жеңгеңнің қас-қабағына қарап туалатке бармай жүре бересің. Сөйткен балалық шақтар есіме түсіп кетті.
Біздің ауыл Астанадан 1000 км жерде орналасқан Торғай деген жер. Бір күні Астанадағы құрдастарымыз екі-үш машинамен ауылға бардық қайтқан құрдасымыздың намазына. Қайтарда көп құрдасымның іші өтіп кетсін, тоқтай қаламызда далада жыңғыл-жыңғылдың ішіне кіріп кетіп “сар” еткізіп машинаға қайта отырады, жүріп келе жатқанда тағы “тоқта – тоқта” деп жанұшыра дауысы шығады тоқтай қаламыз, далаға жүгіреді, сөйтіп 12 сағатта жететін Астанамызға 22-23 сағат дегенде әрең жеттік.
Айтайын дегенім осы жолдың бойындағы туалеттерді дұрыс пайдалануға беру керек оған кім жауапты? Астана-Арқалық тас жолы бойындағы туалеттерге барсаң іші қоқысқа толып тұрады, амалсыздан сыртына барасың болмаса жолдың бойындағы остановкалардың тасысына барып жан-жағыңа машиналар жоқ па екен деп қарап аласың да ісіңді тындырып әрімен қарай жүре бересің. Енді бітеу емеспіз ғой…))
Дамыған 30- елдің қатарындамыз деп бөскенде әйдікпіз, сол 30 елдің қатарына кіру үшін әуелі туалеттерімізді жөндеп алайықшы.
Уx, жаман айттым ба? Намыс болса мәдениетті туалеттен бастайық!

Talgat Amirkhamzin

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий