Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоШоу бизнес

“Кешірім сұраймын. Әйел болудан қашпаңыз”: Аман Тасыған министрді жылатып жіберді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабырғасын қайыстырған өміріндегі ауыр жаңалығын бөлісті. Айтуынша, бұл әлемде жанына жақын адамдарын жоғалтып алудан қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның Youtube видеохостингіндегі арнасына сілтеме жасап.

«Анам жақында кетті ғой. Осындай сәттерде әйелдігің шығып кетеді. Өзіме, жүрегіме жақын кісілерді жоғалтудан қорқамын. Содан сақтасын. Анам, әкем, қайын атамды сағынып жүрмін. Сондай нәрсені сұрап жібердіңіз», – деп көзіне жас алды министр.

Бағдарлама жүргізуші Аман Тасыған өз кезегінде Ақтоты Райымқұловадан кешірім сұрап, мұның нәзік жаратылысқа тән дүние екенін айтты.

«Кешірім сұраймын. Әйел болудан қашпаңыз. Өйткені ол сіздің жаратылысыңыз ғой», – деді ол.

Министр Ақтоты Райымқұлова әр күніне шүкіршілік айтса да, бір кем дүниесінің барын жасырмады. Ол да дәл қазір жанына жақын адамдарының қасында болмауымен байланысты.

«Әттеген-ай, қасымда әкем, анам, қайын атам болса деген ойлар келеді. Әрине, ол өмірдің заңы. Осы кісілердің маған берген тәрбиесі мен олардың өмірлік ұстанымы қоғамның, өзімнің туған-туыстарымның, балаларымның алдында өзімді жоғары көтеріп, мемлекетімізге еңбегім еленіп, лауазымға келгенде адалдықпен жұмыс істеуге көмектесіп отыр», – дейді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, ол өзі басқарып отырған сала мүмкіндігінше жақсы да, жаңашыл дүниелер әкелгісі келетінін айтты.

Комментарий