Талқыдағы тақырып

Әйтеуір, қайда қарасаң да өз дінінен өзі шошып жүрген қазақ!

Серік Абас шах ағамыз Мегаға барыпты да, әжетханада аяқ жуып, дәрет алып жатқан адамды көргенде қатты шошып кетіпті. Кейбір кісілердің шошитындай жөні бар. Өйткені көп жерде намаз оқитындардың дәрет алуына мүлдем жағдай жасалмаған. Намаздың уақыты келгенде дәрет алатын жер іздеп жүрген сондай кісілерді көргенде, резервацияға қуып тыққан үндістер есіме түсіп кетеді. Намазхандардың жағдайы тура сол үндістердің басындағы жағдай секілді. Қаладағы ойын-сауық орталықтары мен мекемелердің 95 пайызында дәрет алатын бөлек кабиналар жоқ. Қашан көрсең де, намазхандар қысылып, қуыстанып дәрет алып жатады. Намаз оқитындарды, дәрет алып жатқандарды қоғамға қорқынышты етіп, құбыжық сияқты қылып көрсете бермей, бір уақ мәселенің байыбына барып, оларды түсінуге тырысатын уақыт болды ғой. Әлде бізге дәрет алатындардан арақ ішкендер артық болып тұр ма? Кейде біз намазхандарға солардың, аздап ұрттап қоятындардың көзімен қарайтын сияқтымыз. Әйтеуір, қайда қарасаң да өз дінінен өзі шошып жүрген қазақ!

Фейсбуктегі парақшасынан

Жолымбет Мәкіш

Комментарий