Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қытай Қазақстанға қарулы күзетшілерін әкелмек пе? СІМ жауап берді

Қытай билігі Қазақстандағы өз инвесторларының қауіпсіздігіне алаңдап, тиісті шараларды қолға алмақшы» деген ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тіпті, «Қытайдан қарулы күзетшілерін әкелмекші екен» деген күдіктерін айтып жүргендер де бар. Бұл тақырыпқа қатысты еліміздің сыртқы істер министрі ресми пікір білдірді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қате ақпарат. Себебі шетелдік инвесторларды қорғау жағын тек Қазақстан үкіметі қолға алады. Ал шетелден қарулы компанияларды алып келуге болмайды. Себебі біздің заңнамаға қарсы келеді», – дейді сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Еске сала кетсек, өткен аптада елордада Еуразия парламент спикерлерінің форумы өткен еді. Жиынға Қытай халықтық өкілдерінің жалпықытайлық жиналысының тұрақты комитетінің төрағасы да келді. Қытайлық ақпарат құралдарының кейбірі осы сапар барысында Ли Чжаньшу Қазақстан парламенті қос палатасы сипкерлерімен кездесіп, өз инвесторларының қауіпсіздігі мәселесін талқылады деп жазылыпты.

Ал қыркүйекте еліміздің бірнеше аймағында Қытай инвестициясына қарсы наразылық шаралары өткен-ді.

Комментарий