Аймақ | Регион

Кәмпит берем деп алдаған: Ақтөбеде кішкентай қыздарды азғындаған 75 жастағы қарияға сот үкімі шықты

Ақтөбеде кішкентай қыздарды азғындады деп айыпталған 75 жастағы қария сотталды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек,  Ақтөбеде кішкентай қызды зорламақ болған қария ұсталып, видеосы жарияланған болатын. Куәгерлердің айтуынша ол кішкентай қызды кәмпитпен алдап, үйіне шақырған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 124 бабы бойынша “Кішкентай балаларды азғындыққа тарту” тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген.

Тергеу барысында қарияның кінәсі дәлелденді. Таяуда іс сотқа жіберілген еді.

Бүгінде сот Мырзағалы Таджияковке қатысты үкім шығарды.

«1 қазанда Қылмыстық кодекстің «Кішкентай балаларды азғындыққа тарту» бабы бойынша айыпталған Мырзағалы Таджияковқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды», – дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Комментарий