Әлемде | В мире

Сыныпта қолшатыр ұстап сабақ оқып отырған кедей балалар жұртты шошытты (видео)

Үндістанда балалар қолшатыр ұстап отырып сабақ оқуға мәжбүр. Себебі, олардың мектебінің шатырынан су тамшылайды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

балалар

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай жыл сайын күз айында қайталанады. Ал мектеп әкімшілігінің жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақшасы жоқ.

Білім ордасы кедей аудандардың бірінде орналасқан. Алайда балақайлардың бұдан басқа мүмкіндігі жоқ. Бұл мектеп өз кезегінде оларға білім алып, кедейліктен құтылуға көмектеседі.

«Біздікілер құсап ешкім шулап жүрген жоқ», «Неткен қорқынышты еді», «Көрген адам шошиды ғой», «Құдай басқа бермесін», «Біздің балалар бақытты екен» деп жазды желі қолданушылары.

Комментарий