Аймақ | Регион

Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды: ертең ауа райы қандай болады?

Синоптиктер ауа температурасының төмендеуіне байланысты республиканың сегіз өңірінде дабылды ескерту жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр мен жабысқақ қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жауын-шашын түседі.

30 қыркүйекте түнде, 1 казанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек, 1-2 казанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 1-3 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 3-8 градус аязга дейін төмендейді.

Республика бойынша кей жерде найзағай, тұман түседі, жел 15-22 м/с-ке дейін күшейеді, шығыста көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, Алматы облысының кей жерінде жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, Жамбыл облысында тұман түседі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс, Жамбыл облысының батыс, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Комментарий