Саясат | Политика

«Жасанды интеллект»: Кәрім Мәсімовтің кітабы шықты

27 қыркүйекте жарық көрген кітап «ЛитРес» электронды кітаптар сервисінде жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтің жасанды интеллект жөніндегі кітабы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Следующий властелин мира. Искусственный интеллект» атты 27 қыркүйекте жарық көрген кітап «ЛитРес» электронды кітаптар сервисінде жарияланды.

«Жасанды интеллектінің таралуы артып келе жатқандықтан, біз медицина, биоинженерия, робот техникасы, ғарышты игеру және қаруландыруда бұған дейін білмеген салалардың және серпінді инновациялардың пайда болуын айқындайтын жаңа дәуірдің куәгері болудамыз.

Автор рет-ретімен жасанды интеллекті дамуының негізгі кезеңдеріне толық шолу жасай отырып, ЖИ-дің қазіргі күнделікті өмірде қолданылуына көшеді, бірқатар елдердің жасанды интеллекті стратегиясының ұлттық ерекшеліктерін ұсынады», – делінген 210 беттен тұратын кітаптың сипаттамасында.

Комментарий