Қоғам | Общество

Алматы облысында үйлену тойында жас жігіт қонақтарға пышақ алып жүгірді

Алматы облысының Бесағаш аулында өткен үйлену тойында 18 жастағы жігіт қонақтарға пышақпен тап берді. Салдарынан үш адамға жедел медициналық көмек қажет болды.

Анықталғандай, облыстық полиция жігіттің тойға дейін іздестірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inalmaty.kz порталына сілтеме жасап.

Күдікті кәмелет жасқа толмаған кезінде осы тәрізді қылмысы үшін қалмыстық жауаптылыққа тартылған. Оған бас бостандығын шектеу жазасы кесіліпті.

«Ол жазасын өтеу талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін, жаза түрін бас бостандығынан шектеуден бостандығынан айыруға айыру туралы сотқа материалдар жіберілген. Алайда ол сотқа келмей, бақылаудан жалтарып, тұрғылықты жерінен кетіп қалып, ол туралы хабарламаған. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қабылдады», – дейді облыстық полициядағылар.

Полицейлер жігіттің оқиғадан бірнеше сағат өткеннен кейін тұтқындады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Комментарий