Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай бірінші некесінен туған ұлымен жиі кездесіп тұратынын ашып айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.
⠀
Сұхбат барысында Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы, танымал әнші Ерке Есмаханмен байланысы жақсы екенін де мәлім етті.
⠀
Оқырмандар “әйеліңіз бен балаңызды тастап кеттіңіз” деп жазады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалайын.
⠀
Мен әйелімді де, баламды да тастаған жоқпын. Екеуміз сөйлесе келе, бөлек кетуді ұйғардық.
⠀
Бұл шешімді бірге қабылдадық. Көрермен де, оқырман да соны дұрыс түсінсе деймін! Бұл саналы түрде қабылданған шешім.
⠀
Ортамызда бала бар. Ұлыммен сөйлесіп, уақыт бөлемін. Ол мектепте оқиды. Алла берген қара домалақ ұлыма уақытымды неге бөлмейін? Адамның ең басты байлығы – баласы ғой”, – деді журналист.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Асхат Садырбай мен Ерке Есмаханның ортақ Мүсілім атты ұлы бар.
⠀
Қазіргі таңда журналист екінші рет Айғаным есімді аруға үйленген.
⠀
Комментарий