Қоғам | Общество

Қазақстанда 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді

Елімізде бірқатар мемлекеттік органдардың порталы уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда 2019 жылғы 2 наурыз сағат 21:00-ден бастап 3 наурыз 17:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі», – делінген «24.kz» сайтында.

 

Осыған байланысты келесі интернет-ресурстар жұмыс істемейді:

– «Электрондық үкімет» порталы»;

– «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

– «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;

– «Мобильді үкімет» қосымшасы;

– «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

– «Техбайқау» міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

– «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

-«Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

– «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;

– Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты; – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының сайты;

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты.

Комментарий