Елең еткізер | Актуально

Алматыдағы косметологтың өлімі: Әйелдің ақшасы мен алтындарын алып, денесін көміп тастаған

Алматыда сұлулық салонының жұмысшысы Батура Мамедованың өліміне күдіктілер сот алында жауап беруде. Күні кеше өткен сот отырысында прокурор тергеу нұсқасын атады, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеме жасап.

Іс бойынша күдікті ретінде ерлі-зайыпты таксистер – 28 жастағы Жангелді Қобланов пен 27 жастағы Айдана Беренова өтуде.

Тергеу мәліметтеріне сүйенген прокурор күдіктілердің адамдарды тасымалдаумен айналысқанын айтты. Батура Мамедова сол күні жұмысынан шығып, үйіне жету үшін таксиге отырған. Жолда сотталушы көлікті тоқтатып, клинет отырған артқы орындыққа жайғасқан. Мұнан кейін әйелді бірнеше рет пышақтап тастапты.

Артынша ерлі-зайыпты әйелдің ақшасы, алтын бұйымдарын алып, денесін Қоблановтың анасына тиесілі аумаққа апарып, көміп тастаған.

Сотта айыпталушы ер адам өзі кінәсін мойындамады. Ал оның азаматтық некедегі әйелі іс бойынша сыбайлас ретінде өтуде.

Еске сала кетсек, 27 мамырда Алматыда сұлулық салонының жұмысшысы жоғалып кеткен еді. Жақындары жоғалған күні оның өзімен бірге 100 мыңға жуық ақшасы болғанын айтады. Одан бөлек алтындары мен қымбат телефоны болған. Артынша әйел өлі күйінде табылды.

Комментарий