Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

«Ол менің сөздерімді басқа біреуге басқаша жеткізіп жүрмейді»: Лукашенко Тоқаев туралы пікір білдірді

«Ол өте білімді адам, өз кезінде қытай тілін жетік меңгеріп алған. Мен оны ерекше құрметтеймін», – дейді Беларусь Президенті.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко украиналық БАҚ өкілдерімен кездесіп, сұхбат берді. Өз сұхбатында ол Қазақстанмен, соның ішінде жаңа Президент Қасым-Жомартпен Тоқаевпен қарым-қатынасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мен билік басына жаңадан келген адамдармен жиі келіссөздер жүргіземін. Мысалы, Қазақстан Президенті – Тоқаевты алайық. Бір адамдар болады, бір-бірін тартып тұратын. Міне, сол секілді біздің арамызда да сондай керемет қарым-қатынас бар, біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Ол өте білімді адам, өз кезінде қытай тілін жетік меңгеріп алған. Мен оны ерекше құрметтеймін, бірақ алдыңғы – Қазақстанның Тұңғыш Президентімен де осылай өте жақсы қарым-қатынастамыз», – деді Александр Лукашенко.

Ол Қазақстанның қазіргі басшысына риясыз сеніп, барлығын ашық сөйлесе беретінін айтады.

«Ол менің сөздерімді басқа біреуге басқаша жеткізіп жүрмейді. Сіздің президентіңіз де (Зеленский) сондай адам деп ойлаймын. Мен кез келген тақырыпты ашық талқылауға дайынмын. Айтылмай, жеткізілмей қалған деген сөз болмайды. Әрине, мұны сіздің президентіңіз қажет деп тауып жатса», – деді Лукашенко.

Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен де жақын қарым-қатыста екенін айтты.

«Мен оған бәрін айта беремін: жеке басымнан бастап, мемлекеттік мәселелерге дейін. Ол не ойлайды, мені дұрыс түсінбей қалмай ма демеймін, кез-келген уақытта ашығын айта беремін», – деп толықтырды өз сөзін Беларусь елінің басшысы.

«Порошенкомен, тіпті, жақын болдық. Бір кездесуде 10 рет ұрсысып, 10 рет тіл табысатынбыз. Мен бірнәрсе десем, ол қолын бір-ақ сілтейді».

Комментарий