Әлемде | В миреЕлең еткізер | Актуально

Мұсылман қыздан әуе компаниясының қызметкерлері орамалын шешуді талап еткен

Америка-ислам қатынастары кеңесі Air Canada компаниясынан қыздан кешірім сұрауды және кемсіткені үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Мұсылман қыз ұшаққа кірерден бұрын орамалын шешуді талап еткен Air Canada әуе компаниясының қызметкерлеріне шағымданды, деп жазды Independent-ке сілтеме жасаған sputniknews.kz.

12 жастағы спортшы Фатима Абдельрахман сквоштан Құрама Штаттар құрамасымен бірге Сан-Францискодан ұшуы тиіс болған.

Ол кедендік бақылаудан өткеннен кейін әуе компаниясының қызметкерлері оның бет-әлпеті паспортта басқаша екенін алға тартып, хиджабын шешуді өтінген.

Қыз әйелдер ғана болатын бөлмеде шешетінін айтқанда, оған олар көнбеген.

«Менің хиджабымды шешу – кез келген киімді шешу секілді емес. Бұл денемнің бір бөлігін алып тастағанмен бірдей. Хиджаб – менің бір бөлігім», – деді Фатима кейінірек.

Twitter-де қыздың әпкесі бұл туралы жазғаннан кейін оқиғаның мән-жайы анықталды.

Америка-ислам қатынастары кеңесі Air Canada компаниясынан қыздан кешірім сұрауды және кемсіткені үшін өтемақы төлеуді талап етті.

Комментарий