Сонымен қатар әнші бизнеске барын салып, сатылымын да қадағалайтынын жеткізді.
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі отбасылық бизнес бастамақ. Әнші шоу-бизнес жұлдызы Димаш Құдайберген, Айдар Тұрғанбек сияқты жеке шайын шығармақ. Бұл туралы НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төреғали шайдың жарнамасын түсіріп қойғанын алға тартты. Оның сөзінше, бұл – отбасылық бизнес.
Тіпті, әншінің анасы шайдың түрлі сұрыптарының дәмін көріп, өзі таңдаған көрінеді.
«Анамның өзінің таңдауымен, былайша айтқанда өзіміздің таңдауымызбен», – деді өнер иесі.
Сонымен қатар әнші бизнеске барын салып, сатылымын да қадағалайтынын жеткізді.
«Сәттілік берсе құдай, бәрі күшті болады. Алладан сәттілік тілейміз. Береке тілейміз, әумин!», – деді ол.
Желі қолданушылары жазба астына жарысып, өз пікірлерін қалдырып жатты.
«Шәйің ащы екен, бағасы 800тг», «Димаштан қалмасаңдаршы әйтеуір», «Шəйдің алдында – индийский, жанында – кенийский деп жазылып тұр , байқадыңдар ма?, қызық екен», «Ұрттап қалған бетте кесенің ішінен кішкентай Төреш атып шығады», – деп жазды олар.
Комментарий