Елең еткізер | АктуальноТағдыр | Судьба

“Менен суып, көзіме шөп сала бастады”: Салмағы 200 келіге жеткен қазақстандық әйелді күйеуі тастап кетті

Бүгінді 15 жастағы қызының көмегіне зәру әйел көпшіліктің көмегіне мұқтаж. Ол денсаулығы сыр бергенімен, ақша тапшылығынан дәрігерге бір де бір рет қаралмаған.

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды.

Шынар Айбасова уайымға салынғандықтан тағы 50 келі салмақ қосқанын айтады. Алғаш тұрмысқа шыққанда 48-50 келі салмақта болған келіншек бүгінде ең толық әйелдердің қатарында. Оны алып қашып  үйленген жұбайы семіздігінен безіп, үйден кетіп қалған. Енді жалғызбасты ана 15 жастағы қызымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Тұңғышы вахталық жұмыс істейді Ал, екінші баласы бұзақылықпен 5,5 жылға сотталыпты.

Шынар Айбасованың құжаты жоқ болғандықтан ешбір аурухана қарамайды. Оның үстіне өзінің де артық ақшасы жоқ. Жомарт жандар азық-түлік басқа заттар беріп қол ұшын көрсеткен болады. Ал, күйеуі сол кеткеннен мол кетіпті.

“Өтімді алып тастаған соң ақырындап тола бастадым. Денем емес, қарным тола бастады. Салбырап икемге келмейді. Оның ішінде не бар екенін де білмеймін. Күйеуім соны бетіме басып, кетіп қалды. Ер адам секілдісің дейтін”, – деді Шынар Айбасова.

Күйеуі кеткен ол одан әрі тола бастағанын сезген. Күйеуі өзге әйелдермен кездесіп, көзін шөп салатынын айтты.

Бүгінде анасына 15 жастағы оқушы қызы Бақыт қарап отыр. Үлкен ұлы үйленген, вахталық жұмыс істейді.

Бұл ретте дәрігер Шынардың қарнында желбуаз болуы мүмкін екенін ескертті. Оны тексеруге компютердің көлемі жетпейтінін, сондықтан бірден ота барысында анықтауға болатынын айтты.

Ал, мәселесі теледидардан көрсетіле бастағанда аурухана қызметкерлері де Шынар Айбасованың үйіне жиі келгіш болған. Бағдарламаға келген мамандар әйел мен балаларының құжатын жасауға қол ұшын беретінні айтты.

Журналистер Шынар апайдың арманын орындап, Көктөбені көрсетті. Ол 48 жасында Алматыны аралап отырғанын, алғаш рет көрікті жерді көргенін айтып жылады.

Комментарий