Талқыдағы тақырып

Қуаныш Қожабайұлы:”Қазір Өзіміздей кәріс смартфон шығарып отыр, ал біз сіріңкенің өзін қытайдан аламыз” деген әңгіме сән болып кетті”

Қазір “Өзіміздей кәріс смартфон шығарып отыр, ал біз сіріңкенің өзін қытайдан аламыз” деген әңгіме сән болып кетті. Асан атаның образы жақсы өтіп тұр. Әрине, біреу шын ниетімен, біреу жұртқа ере айтады ондай әңгіелерді. Осындай әңгіменің әсерімен “Аққу” деген планшет те шығара жаздадық. Бірақ біздің Стив Джобымыз бюджеттің ақшасын жымқыру жағының шебері болып шықты-ау деймін… Роботехника деген кабинеттер ашылды. Алиэкпресстен заказ беріп бірдеңе құрастырады. Негізі роботехника жағынан балалардың жетістігі, идеялары, ойлары бар. Мойыдау керек. Бірақ “қаламыздағы әр бесінші бала робот құрастырады” деген отчеттар көп екенін айтуымыз керек. Осы әңгіменің жетегінде Astana hub ашылды десек артық айтқандық емес. Өз жолын әлі таппаған, ақтамаған жоба… Тізе берсең көп. Дүрмектен ешкім қалғысы келмейді.

Айтайын дегенім әлемнің бәрі жаңа технологиямен байып, озып отырған жоқ. Біз неге ең әуелі бюджетімізді игеріп, қолымыздағы ақшаның жемқорға кетпеуіне, халыққа жетуіне және есебіне көңіл бөлмейміз. Әр нәрсеге алашапқын болып шаба беру, көрсеқызарлық, арзан атақ, шіл өтірік түбімізге жететін болды!

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий