Құзырлы орган жер сілкінісі болған аумақ халқына үйлеріне оралмауға кеңес берген.
Зардап шеккендердің көпшілігі қирандылардың астында қалған. Кейбіреуі жарылған жердің шұңқырына түсіп кетіп жатыр. Қайтыс болғандардың арасында бала көп.
Пәкістанның Ақпарат министрі Муштаф Минхас зардап шеккендерге алғашқы қажеттілігіне керек-жарақтар таратылып жатқанын, оларға лашық берілгенін айтты. Құзырлы орган жер сілкінісі болған аумақ халқына үйлеріне оралмауға кеңес берген.
Өңірде төтенше жағдай жарияланып, табиғи апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметі бойынша, 6 балдық жер дүмпуі Пәкістанның Джелума қаласынан солтүстікке қарай 23 шақырым жерде тіркелген.
Жер сілкінісі Пәкістанның барлық өңіріне сезілген.
https://youtu.be/mCASF4K5FlE
Комментарий