Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Мектеп директоры қыз зорлау оқиғасын мойындамайды

«Ішімдіктен ұрттап, балаларды аңдып жүретін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бар деп естідім. Балаларым осы мектепте оқиды. Олардың болашағы үшін қорқамын», – дейді ата-аналардың бірі.

Алматы облысында ондаған ата-ана балаларын мектепке жіберуден бас тартты. Оған тұрғындар арасында тараған оқушы қыздардың бірін зорлап кеткен болуы мүмкін деген қауесет себеп болыпты. Осыдан кейін ата-аналар мектеп директорынан жағдайды түсіндіруін талап етті.

Бұл туралы Stan.kz – 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Шамалғандағы орта мектептің ата-аналары балаларын сабаққа жіберуден бас тартып отыр. Таяуда мұнда 11-сынып оқушысы жоғалып кеткен еді. Оқушы қыз түсте үйіне келуі керек болған. Алайда, ол сол күні кешке, ес-түссіз күйде табылған деген сыбыс тараған.

Аналардың бірінің сөзінше, қыз мектептегі тазалық жұмысшысының кабинетінен табылыпты. Тұрғындары ол жерге қызды мұғалім немесе жоғары сынып оқушысы алып барған болуы мүмкін деп топшылайды. Ендігі олар директордан жағдайды түсіндіруін талап етуде.

«Ішімдіктен ұрттап, балаларды аңдып жүретін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бар деп естідім. Балаларым осы мектепте оқиды. Олардың болашағы үшін қорқамын», – дейді ата-аналардың бірі.

Ал мектеп директоры айыптаулардың бәрін жоққа шығарды.

«Қызды мектептің 3-қабатынан көрген. Ол сөмкесін алуға бара жатыпты. Психологтар барлық мұғалімді тексереді», – дейді мектеп директоры.

Аудандық білім басқармасының басшысы да жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол бұл тек сыбыс екенін айтты.
«Тұрғындар неше түрліні айта береді. Біз өсек-аяңмен жұмыс істемейміз», – дейді басқарма басшысы.

Ал, жоғалып кеткен қыздың атасы сараптаманың нәтижесі туралы айтып, ата-аналарды тыныштандырды. Оның сөзінше, немересі есінен танып құлап қалып, басымен соғылыпты. Қыз мұнан әрі не болғанын білмейтін көрінеді. Сондықтан оны ауруханаға алып барып, тексерткен. Дәрігерлер де қыздың зорланбағанын растады

Комментарий