Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Аналар осындай қанағатшыл еді ғой»: Қояндының көпбалалы тұрғыны үкіметке алақан жаюды ар санайды

Сол кезде көршісіне қолқа салып көрген оның өзі «анау Ақорданың алдында жүрген аналардың не ойлағаны бар екен?» деп ойланып қалыпты.

Бұрын елордадан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Қоянды ауылын «өркениет іргесіндегі өгейлер» деп атаушы едік. Кейінгі оншақты жыл ішінде ондағы халық тұрмысы жақсарып, тұрғындары қанағатшылдыққа үйреніп алған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол ауылдың тұрғыны, журналист Бердібек Хабай Facebook парақшасында көпбалалы көршісінің елордаға келіп, үкіметтен баспана талап етіп жүрген әйелдердің қатарына қосылуға құлықты емес екенін жазды.

«Бір танысымның 7 баласы бар. Астана іргесіндегі Қояндыда времянкада тұрады. Келіншегі баламен үйде отыр, ал жолдасы қалада бір жеке кәсіпорында жұмыс жасайды. Жалақысы ел қатарлы. Бір күні әлгі танысымның үйіне барып көсемсіп отырмын ғой, «Ой, Ереке, сен қалаға тіркеуге тұрып, елдер құсап үй кезегіне тізімделмейсің бе? Жеңілдіктер ал! Келіншегің автобуспен тегін жүреді, жақсы ғой», – деп. Сонда арғы жақта тамақ қамымен жүрген келіншегі: «Ой, ұят емес пе? Біз елден жаман болып жатырмыз ба? Тәубә. Балаларыма мектеп тарапынан көмектер беріліп жатыр, тегін тамақ ішеді. Мектепке дайындық кезінде құрал-жабдық, киім-кешегі жағынан да көмектеседі. Көпбалалы деп балаларымды қосымша сабаққа да жаздырған. Ол да тегін, білімдері жақсы. Мешіттен ай сайын пордуктпен де жақсы көмектеседі. Оларына рахмет! Алла қаласа, бір жер алуға ауыл әкімдігі көмектеседі деп ойлаймын. Мен не үшін қалаға барып, алақан жаюым керек? Ұят емеспе?!» – дегенде, не айтарымды білмей қалдым», – дейді жазба авторы.

Сол кезде көршісіне қолқа салып көрген оның өзі «анау Ақорданың алдында жүрген аналардың не ойлағаны бар екен?» деп ойланып қалыпты.

«Рас, бізде үкімет қарайласып жатыр ғой. Айтқандай, әлгі танысымның келіншегі ел алатын 21 мың тенгені де алмайды. Қанағатшыл өзі», – деген әріптесіміз тағы да еріксіз «аналар осындай қанағатшыл еді ғой баяғыда» деп ойға шомып кеткен көрінеді.

Комментарий