Шоу бизнес

«Күлкің келеді»: Досхан Жолжақсынов кеңесші боп тағайындалған Беспаев пен Болмановты сынап тастады

Танымал актер Досхан Жолжақсынов жақында ғана қызметe көтерілген өнер иелеріне қатысты ойын айтты.

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында баяндады.

«Олар не кеңес айтады? Нені өзгертеді? Бұл биліктің осалдығы. Не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты отырады. Олар неге отыр? Бұл олардың қолынан келмей ме? Әкімдікте де мәдениет департаменті бар, неге білімді азаматтар бармайды? Күлкің келетін дүние ғой, күлдік те қойдық», – дейді актер.

Еске сала кетейік, жақында ғана Мейрамбек Беспаев Алматы әкімінің кеңесшісі, Қыдырәлі Болманов мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі боп тағайындалған болатын.

Комментарий