Шоу бизнес

“Қазақстанда нанын тауып жүр, не үшін таңғаламыз?!”: Танымал продюсер қара нәсілділердің қазақша сөйлеуі туралы

Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова Қазақстанды жүрген қара нәсілді азаматтардың қазақ тілінде сөйлеуіне еш таңғалмауымыз керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Мысалы, қара нәсілді біреу ән айтып жатса, соған мәз болып билейміз. Менің ойымша, бұл деген – кәдімгі комплекс. Біздің Қазақстанда тұрады ма, біздің Қазақстанда нанын тауып жүр ме? Оның білгеніне ешқандай таңғалмауымыз керек», – деді продюсер.

Әрі қарай ол мұның астарында саясат жатқан болуы мүмкін екенін де жасырмады.

«Мүмкін біреу жек көрер, мүмкін біреу қолдар. «Өз қазағымыз сөйлемей жатқан кезде біздің қазақтар соны көріп сөйлейтін шығар» деген саясат болуы мүмкін. Біз қашанғы солай өмір сүреміз? Сөйлемейтін қазақ өмірі сөйлемейді. Қарап тұрсақ, сөйлеп жатқан да жоқ», – дейді Гүлнұр Мамасарипова.

Естеріңізге сала кетсек, желіде қазақ қызын бар салтты орындап алған қара нәсілдінің жұртты сүйсіндіргені туралы жазған едік.

Комментарий