Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Қоғамдық көлікке жол бермеген жүргізушінің кесірінен 22 адам ауруханаға түсті

Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушылар жарақат алды.

23 қыркүйек түнгі сағат 3-тер шамасында Хова маркалы автокөлік жүргізген 1997 жылғы жүргізуші А-187 көшесі мен Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында № 64 автобуспен соқтығысты. Жас жігіт қоғамдық көлікке жол бермеген, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі Skifnews.kz ақпараттық порталына.

Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушылар жарақат алды. 22 жолаушы қалалық ауруханаға түсіп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Комментарий