Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматы облысында пойыз бойжеткенді қағып өлтірді: Ата-анасы куәгерлерді іздеуде

Алматы облысында пойыз 27 жастағы қызды қағып кетті. Ата-анасы куәлерден олармен байланысуды сұрайды. Оқиға 9 қыркүйекте Талдықорғаннан 50 шақырым жерде Үштөбе қаласында болған. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оксана Мищенко кешке үйден шығып, қайтып оралмады.

«Мен қызымнан айырылып қалдым, ол 27 жаста еді. Күні бойы ол менімен болды, көңіл-күйі жақсы болды, бізде ешқандай жанжал болған жоқ. Кешкі сағат 9-да біз шай ішуге отырдық. Шай құйып қойған соң қызым үйден шығып кетті: «Ол суығанша, мен қайтып келемін» деді. Ол қайтып оралмады. Келесі күні полиция қызметкері телефон соғып, келуімді өтінді. Олар маған қызымды пойыз қағып кетті деп айтты», – деді марқұмның анасы.

Анасы кез келген ақпараты бар адамдардан + 7 747 296 38 80 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі бұл факті қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі «Теміржол көлігімен жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

«Тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған іс бойынша басқа ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді», – деді басқармада.

Комментарий