Аймақ | Регион

Күйеуін өлтіріп, оны жерге көміп,үстінен тауық қора салып тастаған – Атырау

Осыдан 6 жыл бұрын Атырауда жантүршігерлік оқиға болды. Бірақ оның мән-жайы енді ғана анықталып жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі АқЖайық сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 2012 жылы Атырауда орын алған. 48 жастағы әйел күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп, жастықпен тұншықтырып өлтірген. Содан кейін үлкен қызы мен жиенінің көмегімен денесін бөлшектеп, оны үйдің ауласына көміп, кейінірек ол жерге тауық қора салып тастайды.

Қылмыс туралы ешкім білмеген. Ал әйел болса туыстарына отағасы діни сектаға кіріп, үйден кетіп қалғанын айтады. Бірақ уақыт өте келе жиен мінез көрсете бастайды. Ол әйелді бопсалайды. Ақша бермесе полицияға барлық шындықты жеткізетінін айтып, қорқытады.

Әйел туысына бопсалады деп арыз жазған. Жиен ұсталған соң полицияға шындықты жайып салған. Сөйтіп алты жыл бұрын жасалған қылмыстың беті өткен жылы ғана ашылған.

Кісі өлтіру және бопсалау ісі қаралды. Жиен «Бопсалау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, «өз кінәсін толық мойындап, өкінгені» және «аса ауыр қылмысты ашуға белсенді көмек көрсеткені» ескеріліп, шартты түрде бес жылға сотталды.

Ал марқұмның әйелі айыпталушы ретінде қаралады. Ал қылмыстың ізін жасыруға қатысқан оның қызы мен жиені куәгер ретінде қатысады.

Комментарий