Әлемде | В мире

Ер адам су астында сүйіктісіне ұсыныс жасаймын деп көз жұмды (видео)

АҚШ-тың Луизиана штатының тұрғыны Стивен Вебер сүйіктісіне су астында ұсыныс жасаймын деп көз жұмды. Ол су бетіне шыға алмай қалған. Бұл туралы қайтыс болған ер адамның сүйіктісі Кенеша Антуан Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам су астында сүйіктісіне ұсыныс жасаймын деп көз жұмды (видео)

Стивен Вебер мен оның сүйіктісі Кенеша Анутан Танзаниядағы ағаштан салынған үйде демалып жатқан. Үйдің бөлмелерінің бірі су астында орналасқан екен. Ер адам сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасамақ болып, су астына түсіпті. Ол терезенің арғы жағынан қызға жүзік пен «Маған тұрмысқа шықшы!» деп жазылған қағазды көрсетеді. Алайда Стивен сүйген қызынан жауап ала алмады. Себебі ол су бетіне шыға алмай қалып, көз жұмған.

Кенеша әлеуметтік желіде өміріндегі ең бақытты күннің қорқынышты жағдайға айналғанын жазды. Сүйіктім екеуіміз отбасылық өмірге аяқ баса алмаймыз, дейді ол.

Алайда қыз қайғылы жағдайдың қалай болғанын айтпады.

Кенеша Стивеннің өзіне ұсыныс жасаған сәтін видеоға түсіріп алған. Алайда әрі қарай не болғаны және ер адамның неліктен судан шыға алмағаны кадр сыртында қалған.

 

 

Комментарий