Аймақ | РегионЕлең еткізер | Актуально

Аяғы жұлынған: Атырауда көлік қаққан студентті бірнеше метр жерге ұшырып жіберген (видео)

Атырауда ресейлік мемлекеттік нөмірмен жүрген Toyota Camry маркалы көлік жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып өлтірді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 21 қыркүйекте сағат 9:30-дың шамасында орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, көлік қаққан бала 10-15 метр жерге ұшып түсіпті. Соққының күштілігінен оның аяғы жұлынып кеткен.

Полиция департаментінің бапасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Toyota жүргізушісі Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес (Көлік құралын басқарушы тұлғалардың жол ережесін бұзып, адам өліміне алып келуі) қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, көз жұмған жасөспірім 2002 жылы дүниеге келген. Ол Атыраудағы колледждердің бірінің үшінші курсында оқыған екен.

Комментарий