Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен заңсыз митингтер кезінде 57 адам ұсталған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінде айтылған.

«Қазір құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін 57 адам ұсталды. Оларды әкімшілік жазаға тарту мәселесі қаралып жатыр», — делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратынша, прокуратураның бірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан, жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген.

«Олардың кейбірі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заңға қайшы әрекеттер жасап, басқа азаматтардың тыныштығын бұзып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша заңда қарастырылған шараларды қабылдады», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Комментарий