Тағдыр | Судьба

Бойжеткен танымал тележүргізушінің көліктегі зорлық әрекетін айтты

Бойжеткен тележүргізушінің осы жаңалықты оқығанын, өз ісіне ұялғанын қалайды.

Бойжеткен танымал тележүргізуші жігіттің көлік ішінде өзіне көрсеткен адам сенгісіз зорлық әрекетін айтып берді. Бұл туралы ол İnstagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасында жазды.

«Бірде құрбымның тойына барып, өзім телеарнадан күнде көретін тележүргізушіні көрдім. Жігіт жақтан келген қонақ екен. Жас жігіт өзі. Атын айтпай-ақ қояйын. Оқыса өзі де сезер. Тойдан кейін бір кафеге барып отырдық. Содан қайтарда әлгі тележүргізуші көлігімен мені де үйге жеткізіп салатын болды. Бәрін апарып тастады. Мен  ғана қалдым. Үйге қарай бет алдық. Бір кезде жолдың жиегіне тоқтады. Мен артта отырғам. Жаныма кеп мені сүйе бастады. Кішкене масайыңқырап қалған едім. Әлім жетпей жатыр итерсем.

Бір кезде штанын шешіп әлгі жерін аузыма тыға бастады. Мен болсам мең-зең боп, түсінбей отырдым, бірден ісін бітіріп, түймесін тағып рөлге отырды. Мені жеткізіп салды. Ләм-мим демедім. Кейін отбасылы екенін де естідім. Қазір телеарнадан көріп, радиодан даусын естісем, жүрегім айниды. Осыны оқыса өзі де ұялса екен. Жылтырағанның бәрі алтын емес! Жігіттер, қарындастарыңыз, әпкелеріңіз, қыздарыңыз бар. Ойланыңыздар!», – деп жазды ол.

Комментарий