Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Әскерден үйіне барған сарбаз өзіне қол салды

Тәжікстанда шекара бөлімшесінде әскери міндетін өтеп жүрген 21 жастағы Рамазон Ганиев үйіне бір аптаға барған кезде өзіне қол салып, көз жұмған.

Жауынгердің не себептен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр. Душанбенің Фирдауси аудандық ішкі істер басқармасынан мәлімдегендей, Рамазон Ганиев 24 тамызда Душанбинка өзенінің жиегінде асылып қалған күйі табылған. Оның денесі кімге тиесілі екені белгісіз болып, бес күннен кейін ғана тегі анықталған. Марқұмның туыстары бұл оқиға бойынша түсініктеме беруден бас тартты. Рамазон медициналық колледжді аяқтағаннан кейін, медициналық университетке түсуге дайындалып жүрген. Бірақ әскерге шақырылып, міндетін өтеуге кеткен. Тәжікстанда жауынгерлердің өлімі туралы мәліметтер ақпарат құралдарында жиі жарияланып тұрады. Құқық қорғаушылар әскерде әлімжеттік кең етек алғанын айтады. Дереккөз: centralasian.org

Комментарий