Шоу бизнес

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

30 жасында оқыстан қаза болған Жанар Хамитованың өлімі қзақстандықтарды дүр сілкіндірді. Жанар Қарқаралыда ата-анасының үйінде көз жұмды. Stan.kz әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу жасап, белестерін көрсетті.

Жанар Хамитова үлкен сахнаға Super star жобасынан кейін жол тартты. Кейіннен продюсерлердің шақыруымен China Town тобында өнер көрсетеді.

Ол топтан бөлек кеткен әнші Керменбаевпен Арнау тобын құрады.

Өнерде аз ғана уақыт жүрген Жанар отбасын құрып, шетелге кеткен соң сахнадан көрінбей кеткен еді.

Араға жылдар салып әнші шығармашылықты қайта қолға алған болатын. Бірнеше ән жазып, бейнебаяндар түсірді. Бағдарламаларға сұхбат беріп, өзінің өнерге оралғанын мәлімдедеген еді.

Алайда орда бұзар шағында туған жерінде қапына қаза болды. Күллі қазақ жұрты қайғырып көңіл айтып, Қарқаралы жұрты әншіні ақтық сапарға аттандырды.

ІІМ әншінің өлімін “Өзіне қол салу” бабы бойынша тексергенімен, жақындары оның жүрегі тоқтап көз жұмғанын айтады.

Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Арнау» тобының экс-солисінің қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы әнші досы Әбу Кай өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.

 

Комментарий