Құқық | Право

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ғаламторда пайда болған аудиодағы жанжалдан кейін Алматы облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Марат Құштыбаев қызметінен босатылды.

«Ішкі тергеу нәтижелері бойынша, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды», – деді баспасөз қызметінде.

Еске салайық, бұрын департаментте ғаламторда жарияланған аудиожазбаға қатысты аудит жүргізілді. Аудиода белгісіз біреу қоластындағыларға әдепсіз сөздер айтып, сынға алған. Жазбада Кұштыбаевтың фотосуреті көрінеді.

Қызметтік тергеу басталғаннан кейін Құштыбаев уақытша қызметінен шеттетілген болатын.

Комментарий