Қоғам | Общество

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Алматы қаласындағы көшелердің бірінде жол опырылып, ішіне көлік түсіп кетті. Желіде оқиғаның суреттері пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісінің Almaty.lifeпарақшасында пайда болған жазбадағы мәліметке сәйкес, оқиға қаладағы Шаляпин мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орын алған.

Жарияланған суреттерден жолдағы асфальттің опырылып қалғаны көрінеді. Ал сол жерден өтіп бара жатқан жеңіл көлік ішіне түсіп кеткен.

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктен мән-жайды анықтап көрмек болды. Әкімдіктегілер қазіргі уақытта ақпараттың тексеріліп жатқанын, кейінірек хабарлайтынын жеткізді.

Комментарий