Шоу бизнес

Гүлзира Айдарбекова базарда «Шаншардың» билеттерін сатқан — Уәлибек Әбдірайымов (ВИДЕО)

«Шаншарды» көп ешкім тани бермейтін кезі еді. Сол жерде 50, 100 билетін өткізетін.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың ұлын сахнаға қандай жолмен шығарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі«Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Шаншар» театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов айтып берді. Қайраттың анасы ұлы кішкентай кезінде қатты әнші жасағысы келген көрінеді. Тіпті Қайратты сахнаға шығару үшін Гүлзира Айдарбекова базарда «Шаншардың» билеттерін сатқан. Бұл әншінің өз репертуары да жоқ оқушы кезінде болған көрінеді.

«Қайрат Нұртастың 9-10 сынып оқитын кезі. Анасы баласын әнші жасағысы келді. Менің концертіме шығу үшін, «Шаншардың» билетін сататын. Ол кезде Гүлзира базарда істейді. «Шаншарды» көп ешкім тани бермейтін кезі еді. Сол жерде 50, 100 билетін өткізетін. Ол кезде бізде онша билет өтпейтін кез еді. Кейін біз де жұлдыз болып кеттік қой. Содан ол басында солай қатысатын. Басында бұлардың барлығы базарда істеген ғой», – дейді Уәлібек Әбдірайымов.

Артынша белгілі продюсер Гүлзира Айдарбековаға Уәлибек Әбдірайымов жеке репертуар жазуға кеңес берген. Содан кейін қайрат Нұртастың шығармашылық шарықтауы басталып кеткен көрінеді. Осылайша Гүлзира Айдарбекова ұлына бірнеше рет “Шаншар” театрының сахнасында ән айтуға жағдай жасаған.

«Бір күні бір әндер жаздырып келіпті. Сөйтсем, Досымжан Таңатаровтың «Құралай» әнін тағы бірнеше өлеңдері бар. «Тыңдаңызшы» дейді. Сол кезде мен айттым «Сені бір рет шығардым, енді шығаратын болсам, өз репертуарың болсын, дауысың жаман емес, репертуар таңдаңдар» дедім. Олар одан кейін жұлдыз болып кетті ғой», – дейді Уәлибек Әбдірайымов.

https://www.youtube.com/embed/cVcyGRX5Zqs

 

Комментарий