Шоу бизнес

“Ақша артық болмайды”: Арман мен Аша жөргекпұл алмағанын айтып өкінді

Арман Қоңырбаев мен Аша Матай жөргекпұл алмағандарын айтып өкініш танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал жұлдызды жұп осыған дейін ел қатарлы жөргекпұл алып көрмеген. Олар өкіметтен ақша алу мәселесі туралы ойланғанымен, пысықтық танытып, тырысып та көрмеген екенбіз дейді. Бүгінде қыздары біраз жасқа келіп қалса да жас ата-ана мұндай жәйттарды дұрыс білмеген көрінеді.

“Ондайды неге екенін білмейміз, пысықтығымыз жоқ па, алмаймыз. Басқалардан естиміз осындай қаражат алып жатырмыз дейді. Сол кезде “Ойбу, біз неге алмадық” деп ойлаймыз. Балалар құқығын сақтап, көп балалы аналарға көмек жасалса екен дейміз. Өзім ана болған соң, барлық аналарды түсінемін”, – дейді Арман мен Аша.

Екінші мәрте ата-ана атанғалы отырған Аша мен Арман қазір сәбилерінің аман есен өмірге келуін күтіп жүр. Өнер иелерінің сөзіне қарағанда отбасы екінші мәрте қызды болатын сияқты. Дегенмен, осы жолы олар жөргекпұлдан қағылмаймыз, ел қатарлы біз де аламыз деп отыр. Жұлдыздар ақшаның артық болмайтынын жеткізген.

“Жүктілікті жоспарлаған жоқпыз. Аяқастынан болды. Ең бастысы аман-есен босанып алса болды. Екінші  қызымызға жөргекпұл алу жайлы ойланып жүрміз. Ақша артық болмайды ғой, көреміз. Халықтан естіп, біліп жатқаннан кейін, осы жолы қолға аламыз”, – дейді Арман мен Аша.

Комментарий