Саясат | Политика

Тоқаев сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы тағайындады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Тілеубердіні сыртқы істер министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», – делінеді хабарламада.

Бұған дейін Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған еді.

Айта кетсек, сонымен қатар мемлекет басшысы Бейбіт Атамқұловты сыртқы істер министрі қызметінен босатып, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығына тағайындады.

Комментарий