Судья мінбері | Судебная система

Жолдауға арналған жиын өтті

Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын халыққа ұсынды. Жолдаудан Президенттің сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлгенін байқаймыз. Бүгінгі күні қоғамның басты мәселелерінің біріне айналып отырған жемқорлық мәселесінің де Жолдаудан көрініс табуы мемлекет басшысының ел ішіндегі мәселелерді жетік білетінін байқатады. Жолдауда атап өтілген мәселелер ел ішінде қолдау тауып, әр сала ондағы өздеріне қатысты тұстарын бұлжытпай орындағанда ғана атап өтілген мәселелердің шешімі табылары анық.  

Осы орайда кеше Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс шараға аудандық соттың судьялары мен сот мамандары қатысты. Сот төрағасы ретінде баяндама жасап, Жолдаудың маңызды тұстарын аудандық соттың мамандары арасында талқыға салдық. Жолдауда Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бастау алған кейбір істердің, бұл Жолдауда да жалғасын табуынан еліміздің дамуы жолында атқарылып жатқан іс-шаралардың жүйелі түрде атқарылып жатқанын ұққандаймыз. Дөңгелек үстел барысында сот мамандары мемлекет басшысының заман талабына сай тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика және әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі атты Жолдаудағы бөлімдеріне  жеке-жеке тоқталып, жолдаудың негізгі мақсатын талқылады. Сонымен қатар, қылмыстық іске қатысты жазалау шаралары, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу, тіл мәселесі, сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселесі дөңгелек үстелдің негізгі арқауына айналды.

Сондай-ақ «Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет. Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие. Сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжрибесін орнықтыру қажет» деп Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап өтті. Сондықтан отырыс қортындысында қатысушылар сот төрелігінің сапасын көтеру үшін жұмыла жұмыс жасайтындықтарын білдірді.

Дәурен Маукеев, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының төрағасы

 

Комментарий