Саясат | Политика

Тимур Құлыбаев тағы да Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне ұсынылды

Тимур Құлыбаев тағы да ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне ұсынылды, деп.

Оның кандидатурасын Қазақстан хоккей федерациясы ұсынды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

«Құрметті әріптестер! Бүгінгі отырыста біз Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президентін сайлауымыз керек. Айтайын дегенім, шайбалы хоккей федерациясының атынан біз Құлыбаев Тимур Асқарұлын ұсындық. Мен ҰОК басшысының сайлануы біздің Олимпиадалық комитеттің, олимпиадалық спорттың және тұтастай алғанда елдегі бұқаралық спорттың одан әрі дамуындағы маңызды қадам екенін атап өтемін. Бұл біздің дұрыс және жауапты таңдау болатындығына сенімдімін», – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Биыл спортты дамытуға республикалық бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінді, келесі жылы 51 миллиард теңге жоспарланған. Бұл тек республикалық бюджеттен, әлі де жергілікті бюджеттен қаржыландырылады», – деп қорытындылады Асқар Мамин.

Айта кетейік, Асқар Мамин – Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті.

Комментарий