Құқық | Право

Басынан балғамен ұрған: Түркістан облысында келіні енесін өлтірді

Түркістан облысында келіні енесіне басынан балғамен ұрып өлтірген. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қыркүйекте Созақ ауданының тұрғыны көршісінің пәтеріне барып, оны өлі күйінде тапқан.

Полиция мәліметінше, мәйітті тексеру кезінде жәбірленушінің басынан ауыр затпен жарақат алып көз жұмғаны анықталды.

Полицейлердің сөзінше, марқұмның үйінің есігі сыртынан құлыпталып жабылған екен. Сондықтан олар әйелдің өліміне жақындарының қатысы бар болуы мүмкін деп топшылапты.

Тергеу барысында анықталғандай, әйелді өлтірді деген күдікке келіні ілінді. Ол отбасымен бірге көрші ауылда тұрады екен.

Артынша әйел тұтқындалып, кінәсін мойындады.

Бүгінгітаңда аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде балға тәркіленді.

Комментарий