Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматыда өртке оранған жиһаз цехынан әйелдің мәйіті табылды

Бүгін, 17 қыркүйекте, Алматы қаласында өртенген жиһаз цехынан әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрылыс құрылымдарын сұрыптау және төгу кезінде биіктігі бір метрден асатын үйіндінің астынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелге тиесілі», – дейді ТЖД-дағылар.

Айта кетсек, бүгін Алматы қаласындағы Ратушный көшесінде жиһаз цехы өртенді. Өрт аумағы 1 200 шаршы метрді құрайды.

Комментарий